29.11.2022, 18:19
Оқылды: 50

Президенттік жастар кадр резервшілері студенттермен кездесті

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облыстық департаментінің ұйымдастыруымен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Президенттік жастар кадр резервшілері студенттермен кездесті. Кездесу мақсаты – жастар арасында мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, оң имиджін қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің қызметтегі үздік тәжірибесін кеңінен насихаттау.

WhatsApp Image 2022-11-29 at 19.01.58

Кездесу барысында Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі түсіндіріліп, Президенттік жастар кадр резервін қалыптастырудың негізгі міндеттері баяндалды. Кездесуге келген Президенттік жастар кадр резервіндегі Азамат Асанов өзінің қазіргі уақытта «Урал Ойл энд Газ» ЖШС құрамында өңірде қандай жобаларды жүзеге асыруға қатысқаны жайында айтып берді. Сонымен қатар, Президенттік жастар кадр резервінің сынағынан өтудегі жеке тәжірибесі, әр кезеңге алдын ала дайындалу жолдары жайында әңгімеледі. Азаматтың Президенттік жастар кадр резервіне ену оның өміріне қандай өзгерістер әкелгені жайлы әңгімесі студенттер үшін қызықты болды.

WhatsApp Image 2022-11-29 at 19.01.57 (2)

Кездесу соңында қатысып отырған университет оқытушылары мен студенттері өздері үшін қызығушылық тудырған сұрақтарды қойып, спикерге алғыс білдірді. Сонымен қатар, қатысушылар арасында өңіріміздің Президенттік жастар кадр резервшілері, кәсіпкерлер, этномәдени бірлестіктер өкілдері, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерінің жас мемлекеттік қызметшілері, «Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің тыңдаушылары да қатысты.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале