23.10.2020, 10:23
Оқылды: 40

Президенттің қатысуымен Қазақстан судьяларының VIII съезі басталды

Қазақстан Республикасы судьяларының VIII съезі басталды. Съезд жұмысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.

Тоқаев

Онлайн режимде өтіп жатқан съезд жұмысына Қазақстан Судьялар одағының делегаттары; халықаралық сарапшылар мен серіктес-ұйымдар; қоғам және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысып отыр. Съезде сот жүйесін дамыту, атап айтқанда, судьялардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыру, кейбір қылмыс түрлеріне жазаны күшейту және тағы да басқа мәселелер талқыланады.

inform.kz   

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале