9.12.2025, 16:00
Оқылды: 24

Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкіметте көлік-транзит саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көлік-транзит саласын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды. Көлік министрлері Нұрлан Сауранбаев, қаржы министрі Мәди Такиев, жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов және «Қазавтожол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев баяндама жасады, - деп жазады primeminister.kz

54343545354

Көлік министрлігінің мәліметінше, биыл 13 мың шақырым жол салынып, жөнделген. Автотасымалдаушылар 288 млн тонна жүк жеткізді (+1,7%), жолаушылар ағыны 1,5 млрд адамға жетті (+12,2%). Көліктік бақылауды автоматтандыру және электронды ілеспе құжаттарды енгізу жалғасуда. Авиацияда 139,6 мың тонна жүк өңделіп, 13,1 млн жолаушы тасымалданды. Темір жол тасымалы 380,3 млн тоннаны (+7,9 %) құрап, 16,4 млн жолаушы тасымалданды.

Премьер-министр Мемлекет басшысы Қазақстанды Еуразия кеңістігіндегі басты көлік торабына айналдыру бойынша стратегиялық міндет қойғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қазақстанды Еуразия кеңістігіндегі басты көлік торабына айналдыру бойынша стратегиялық міндет қойды. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Мәселен, Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) өткізу қабілеті ұлғайтылды, шетелдік серіктестермен тарифтік саясат үндесімді түрде жүргізіліп, жүктерді жеткізу мерзімдері қысқартылды. Автожол инфрақұрылымын транзиттік және халықаралық дәліздерге басымдық бере отырып жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Нәтижесінде контейнерлік тасымал көлемі өсті. Қазақстан-Қытай шекарасында пилотсыз тасымал мен бірыңғай электрондық декларацияны қамтитын «Ақылды кеден» жобасы жүзеге асырылып жатыр», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қабылданған шаралар нәтижесінде биылғы 10 айда Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 29 млн тоннадан асып, нақты өсім көрсетті

Бұл ретте Премьер-министр транзиттік жүк тасымалы үшін бәсеке күшейіп бара жатқанын, әсіресе, халықаралық көлік дәліздері мен өткізу пункттеріндегі процестерді жылдам цифрландыру арқылы көлік‑логистикалық жүйенің қолда бар әлеуетін белсенді түрде кеңейту қажет екенін атап өтті.

Президент Жолдауын жүзеге асыруда басым бағыттардың бірі жүк қозғалысына онлайн-мониторинг жүргізу, мемлекеттік және жеке цифрлық платформаларды интеграциялау үшін толықтай цифрлық шешімдерді, оның ішінде Smart Cargo экожүйесін енгізу болды. Алайда, бүгінде сервистердің барлығы бірдей қосылып, жұмыс істеп тұрған жоқ. Премьер-министр Көлік министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін сервистер мен ақпараттық ресурстардың толық интеграциясын аяқтауды тапсырды.

Жуырда өткен кеңесте Мемлекет басшысы атап көрсеткен көлік-тасымал саласын дамыту үшін авиахабтарды дамытудағы басымдық баса айтылды. Осыған байланысты Үкімет ұшу географиясын кеңейту, жаңа шетелдік авиатасымалдаушыларды тарту, еліміздің әуежайлары арқылы жүк және жолаушылар ағынын арттыру бағытында жұмыс жүргізуде.

Әуежай инфрақұрылымын жаңғырту, арнайы техниканы жаңарту және жолаушылар мен әуе компанияларына қызмет көрсету сервистерін цифрландыру жүзеге асырылуда. Мұның бәрі қазақстандық әуежайларды бәсекеге қабілетті өңірлік хабтарға айналдыруға мүмкіндік береді.

Бұл ретте Олжас Бектенов көліктік деректер қорының ақпараттық-талдау жүйесін дамыту қажеттігін атап өтті. Қазірдің өзінде деректердің бірыңғай массиві жасалып, жүк қозғалысын бақылау модульдері іске қосылды, бірақ жүйенің қазіргі монолитті архитектурасы оны интеграциялау мен инновациялық шешімдерді енгізу кезінде қиындықтар туғызуда. Көлік министрлігіне Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, аталған жүйені ашық интерфейстері бар модульдік және масштабталатын архитектураға көшіру, көлік ағындарын болжау мен басқару үшін жасанды интеллектіні кезең-кезеңімен енгізу тапсырылды.

Сонымен қатар Премьер-министр көлік-транзит саласы бойынша бірқатар тапсырма берді.

Атап айтқанда, автожол инфрақұрылымы сапасын жақсарту аясында жобаларды жүзеге асырудың цифрлық мониторингін қамтамасыз ету керек, өңір әкімдіктері 2026 жылғы 1 шілдеге дейін жергілікті жолдарды толық паспорттауды аяқтап, автоматтандырылған өлшеу стансаларын орнатуды жеделдетуі қажет. Іске қосылатын «E‑жолдар» жүйесі жолдардың жағдайын есепке алу, ақауларды тіркеу және жұмыстардың орындалуын онлайн-режимде бақылау құралы болуы тиіс.

Әуе жүктерін тасымалдауда электронды құжат айналымына көшуді жеделдету үшін Көлік министрлігіне Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірлесіп, 2026 жылдың 1 наурызына дейін «e-Freight» ақпараттық жүйесімен кешенді интеграцияны аяқтау, кедендік, ветеринариялық және фитосанитариялық құжаттар бойынша деректер алмасуды автоматтандыру тапсырылды.

Темір жол саласында Көлік министрлігіне «Қазақстан темір жолы» компаниясымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір ай мерзімде шекаралық және тораптық стансаларда жүктерді өңдеу уақытын қысқарту бойынша қосымша шаралар әзірленеді.

Көлік министрлігіне «Қазақстан темір жолы» компаниясымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір ай мерзімде шекаралық және тораптық стансаларда жүктерді өңдеу уақытын қысқарту жөнінде шаралар әзірленеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, желтоқсан айында мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары аяқталады. Жақын арада 5 өткізу пункті іске қосылады. Осылайша, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы контурындағы барлық өткізу пункттері халықаралық стандарттарға сай болып, жүктердің жылдам өтуін қамтамасыз етеді», —  деп атап өтті Олжас Бектенов.

Олжас Бектенов Көлік министрлігіне «ҚазАвтоЖол» компаниясымен бірге жұмыс қарқынын жеделдетіп, өткізу пункттерінің құрылысын белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Аталған мәселе Премьер-министрдің тікелей бақылауында.

Сондай-ақ ведомство мен компаниялар әкімдіктермен бірлесіп, жеке инвестицияларды белсенді түрде тарта отырып, халық пен тасымалдаушыларға қолайлы жағдай жасауы қажет.

Жұмысты жалпы бақылау мен үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале