17.03.2022, 12:10
Оқылды: 27

Президенттің Жолдауы Қытайдың әлеуметтік желілерінде қызу талқыға түсті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа 2022 жылғы Жолдауын жариялады. Құжат елде ғана емес, көршілес Қытай елінде де әлеуметтік желіде көпшіліктің назарын аударып, талқыға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

10

Қытайдағы WEIBO әлеуметтік желісінде Қазақстан Республикасының Қытайдағы Елшілігі жариялаған ақпарат парақшасында Қытайдың көптеген желі қолданушылары Президент Тоқаевтың Жолдауына қатысты өз пікірлерін білдіріп жатыр.

Қытайлық пікірлердің көпшілігінде президент Тоқаевтың реформалық шешімдері жоғары бағаланған.

Әсіресе, президент Тоқаевтың жолдауындағы «Бүгінде елімізде барлығы президенттің төңірегінде өрбиді, бұл дұрыс емес. Біз бұл тәжірибеден біртіндеп бас тартуымыз керек. Мен үшін билік пен ситуациялық ықпалдың кез келген қосымша тетіктерінен гөрі мемлекеттің ұзақ мерзімді мүддесі маңызды» деген сөзі, қытайлық желі қолданушыларының ерекше жоғары бағалауына ие болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале