18.07.2025, 9:45
Оқылды: 532

Профессорлар қатары толықты

«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Марат Оңаев – Жайық жұртына танымал ғалым. 1982 жылы Ресейдің Саратов қаласындағы ауыл шаруашылығын механизациялау институтын үздік бітірген ол 1991 жылы Украинадағы гидротехника және мелиорация ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын тәмамдап, «Мелиорация және суармалы егін шаруашылығы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаған болатын.

марат онаев

Марат Қайырлыұлы 43 жыл жалпы еңбек өтілінің 33 жылын Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университетінде өткерді. Студенттерге дәріс оқи жүріп, ол әр жылдары кафедра меңгерушісі, факультет деканы, агротехнологиялық институттың директоры, проректор секілді біраз лауазымды қызметтерді абыроймен атқарған азамат. Осыдан біразырақ уақыт бұрын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен Марат Қайырлыұлы Оңаевқа ауыл, орман және балық шаруашылығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді. Осылайша, біздің өңірдегі ғалымдар қатары тағы бір профессормен толықты.

Біз профессор М. Оңаевты жаңа ғылыми дәрежесімен құттықтай отырып, оның жылдар бойғы қажырлы ізденісі қазақстандық қоғамның ортақ игілігіне айналуына тілектеспіз және ғалымға ұстаздық еңбегін ақтайтын зерек те дарынды шәкірттер тілейміз!

Редакция алқасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале