Мемлекет басшысы 2019 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында мұғалімдер үшін қолайлы жағдай жасауды, оның ішінде жалақыны арттыруды тапсырды. Үкіметтің 28.11.2020 жылғы №11 Қаулысымен 2020 жылғы қаңтардан бастап педагогтердің лауазымдық жалақыларына қосымша ақы белгілеу жолымен олардың жалақысы ұлғайтылды.
Фото: Liter.kz
15 қаңтар күні прокурорлық тексеру барысында білім беру ұйымдарының қызметінде жалақы төлеу кезінде мұғалімдердің құқықтарын бұзу анықталды.
Облыстағы 26 мектепте және мектепке дейінгі мекемелерінде 2020-2023 ж.ж. кезеңінде 1195 педагогқа жыл сайынғы қосымша ақыны есепке алмағанда, ерекше еңбек жағдайлары үшін 10% мөлшерінде үстемақы қолданылды.
Төленбеген үстемақы сомасы 259 млн. теңгені құрады.
Прокуратураның 24 қаңтар күні қадағалау актісі бойынша аудандық білім бөлімі 12 лауазымды адамды тәртіптік жауапкершілікке тартты және педагогтарға жалақыны қайта есептеу, сондай-ақ төлеу бойынша шаралар қабылдады.
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі