10.03.2026, 10:30
Оқылды: 54

Прокурор екі қылмыскерді қарусыздандырды

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Жандос Қуанышбеков 30 қаңтарда кешкі уақытта «Қауіпсіз өңір» жобасы аясында қалада рейдтік шаралар кезінде, белгісіз азаматтың көмек сұрап айқайлаған дауысын естіп, дереу оқиға орнына барған.

5296397504876320036

Оқиғаның мән-жайын анықтаған соң, ол жедел түрде екі адамды құрықтап, полиция шақырған.

Прокурордың шұғыл әрекеті нәтижесінде қылмыскерлер ұсталып, полицияға тапсырылды.

Жеке тінту барысында күдіктілердің бірінен есірткі заттары табылды.

Қазіргі уақытта заңсыз бас бостандығынан айыру, бопсалау және есірткі заттарын сақтау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Күдіктілерге қатысты соттың санкциясымен «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Көрсеткен батылдығы үшін Жандос Қуанышбеков Полиция департаментімен ведомстволық медальмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале