7.10.2022, 16:00
Оқылды: 53

Психолог мамандар бас қосты

Орал қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының психолог мамандары майор Берік Рашев пен 5517 әскери бөлімінің психологы капитан Халилова Айнураның бастамасымен «Суицидтің алдын алу тақырыбында» дөңгелек үстел өткізілді. 

24

Соңғы жылдары елімізде жас жеткіншектердің өздеріне қол жұмсап, бүкіл қоғамды дүр сілкіндіруі белең ала бастады. Осындай жайсыз хабарлар Республикамыздың барлық облыстарында орын алуда. Қазіргі таңда осындай дертпен ел болып, жұрт болып бірлесіп күресудің өзектілігі артып отыр.

Ұйымдастырылған шараға Орал гарнизонының құзырлы органдарының психолог мамандары мен дін өкілдері қатысты. Жиынның басты мақсаты суицидтің алдын алу жолдарын анықтап, талқылау еді.

Жиынға қатысқан психолог мамандар суицидтің алдын алу бойынша жұмыстарды жан-жақты  зерделеді. Сонымен қатар адам баласының өз-өзіне қол жұмсауының негізі неде? Суицидтің алдын алу жолдары қандай? деген секілді көптеген сұрақтарға жауап іздеп, тәжірбие алмасты.

23

- Адам баласы өз өмірін өлімге қиюдың шариғатымыздағы үкіміне келсек, Ислам дінінде жазықсыз адамды өлтіру немесе өзін-өзі өлімге қию – Алланың ашуы мен аса ауыр азабына себеп болатын аса ауыр күнә. Себебі, Ислам дінінің, қасиетті Құран мен хадистің көрсетуінше адам баласының орны жаратылыс атаулының бәріненде жоғары, әрі үстем. Мейлі ол әйел болсын, ер адам болсын, кәрі болсын, жас болсын, әрбір адам қадірлі және құрметті,- деді Орал қаласының орталық мешітінің наиб имамы Убаев Наурыз Ибатұлы өз сөзінде.

Жиынды қортындылай келе, өз-өзіне қол жұмсау ісі, көбінесе, үмітсіздіктен, мақсатсыздықтан, келешекке сенімсіздіктен жан тынышсыздығынан туындайтын амал. Сондықтан да біз психолог мамандары, әр қараңғы түннен кейін жарық күн, әр қиыншылықтан кейін жеңілдік бар екендігін түсіндіріп, қиналған кісінің жан дүниесін түсініп, құлазыған көңілге демеу болайық,- деп тарқасты жиынға қатысушылар.

Капитан Әубакир Ертуған,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале