"2024 жылғы 17 сәуірде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті психотроптық заттар өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті", - деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Фото: www.gov.kz
Тінту барысында шамамен 35 кг синтетикалық есірткі, 500 литр прекурсорлар және зертханалық жабдық алынды.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Ұсталған адамға қатысты сот санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.