24.02.2022, 9:20
Оқылды: 35

Путин орыс халқына жолдаған үндеуінде не айтты

24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге арнаған үндеуінде Донбаста арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

170bc0ab4f2a4b1fbfe84a3d73caf201

Оның айтуынша, Ресей Украинаны демилитаризациялауға күш салады.

Ресейдің жоспарында Украинаны оккупациялау жоқ, - деді Владимир Путин.

Ресей басшысы Украина азаматтарына да үндеу жасады.

-Қырымдықтар өз таңдауын жасады, біздің әрекетіміз жасалған қауіп-қатерден өзін-өзі қорғау болып табылады, мен өзара әрекеттесуге шақырамын, - деді Владимир Путин.

Владимир Путин өз сөзінде Украина әскерилеріне де тоқтады.

- Сендер хунтаға емес, халыққа ант бердіңдер, тез арада қаруларыңды тастап, үйлеріне қайтыңдар, -  деді Владимир Путин.

Путиннің сөзінше, Украинадан төніп тұрған қауіп қатерден Ресей өзін қауіпсіздікте сезіне алмайды. Болашақта дұрыс дамып, өмір сүре алмайды.

Ресей президенті НАТО-ның алдауы мен бопсалауы туралы да айтты.

Ол Мәскеудің отыз жыл бойы НАТО блогын шығысқа қарай кеңейтпеу туралы келісімге келуге тырысқанын, бірақ алдау, қысым көрсету және бопсалау әрекеттерімен бетпе-бет келгенін еске салды.

Путин Украинада ядролық қару болуы мүмкіндігін де жоққа шығарды. Ол Ресей Киевтің мұндай қадамға баруына жол бермейтінін атап өтті.

Ресей президенті қантөгіске Украина билігін айыптады.

-Мен алда болуы мүмкін қантөгіс үшін барлық жауапкершілік Украина аумағында билік ететін режимнің ар-ожданында болатынын тағы бір рет атап өтемін, - деді Владимир Путин.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале