Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Дарын» қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен «Qabilet» қызметі жобасы туралы оқыту-семинарын өткізді.
«Qabilet» қызметі жобасының мақсаты- оқушылардың қабілеті мен кәсіби бағдарлануын диагностикалаудың ұлттық жүйелілігін, сондай-ақ дарынды балалар мен дарынды жастардың зияткерлік және жеке әлеуметтін іске асыру үшін оларды сүйемелдеу мен қолдау қызметін ұйымдастыру.
Семинардың мақсаты- бала кездегі психикалық даму мәселелерін талдауға және 10-11 жастағы балалардың қабілеттеріне психологиялық диагностика жүргізуге жаңа тәсілдерді енгізу бойынша кеңесшілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Семинарда аудандық, қалалық, облыстық білім беру мекемелерінің 35 психолог мұғалімдері балалардың қабілеттеріне психологиялық диагностика жүргізудің жаңа тәсілдерімен танысып, кәсіби құзыреттіліктерін дамытты.
Семинар барысында «Ел Академиясы» корпоративтік қоры балаларды және жастарды диагностикалау және дамыту орталығының басшысы Г.А.Джусупова ZOOM арқылы байланысқа шығып, қатысушыларға Республика бойынша «Qabilet» қызметі жобасы ұлттық жүйе екендігін, дарынды балаларға арналған платформаның іске қосылғандығы, жобаның мақсат-міндеттері туралы айтып өтті.
«Дарын» қосымша білім орталығының директоры Г.Дуйсенгалиева «Qabilet» қызметі жобасының 10-11 жастағы балалардың қабілетін анықтау, кәсіби бейімдеуге жол ашатындығын сөз етті.
Оқыту-семинарында орталық психологтары мектеп жасындағы оқушылардың қабілеттерін психологиялық диагностикалау, балалардың қабілеттерін тексеруге арналған психологиялық әдістер бойынша әдістемелік жұмыстар жүргізді.
Облысымыздың психолог мамандары «Психологиялық қызмет мамандарының профилактикалық және түзету жұмыстарының негізгі бағыттары мен ұсыныстары» тақырыбында өз тәжірибелерімен алмасып практикалық жұмыстар жүргізді.
Қатысушы психолог мамандар семинар соңында кері байланыс жасап, ұсыныс, талап-тілектерін жазып тапсырды.
«Qabilet» қызметі жобасының іске асыру мақсатында психолог мамандарымен бірлесіп өткізілген облыстық семинарымыз білім беру мекемелерінде қолдау табады деген сенімдеміз.
Үміт Жәңгірова,
zhaikpress.kz