15.11.2016, 10:14
Оқылды: 70

«QAZAQ AIR» Оралға келмек

%d1%81%d0%b0%d0%bc%d0%be%d0%bb%d0%b5%d1%82   Қысқы навигацияға ауысу қар­саңында «QAZAQ AIR» әуе ком­паниясы Атырау қаласынан Орал мен Ақтауға тұрақты рейстерді орындайтынын мәлім етеді.

  2016 жылдың 1 желтоқсанынан бастап аталмыш қалалардың арасы қысқарып, жолаушылар аптасына екі рет – жұма және жексенбі күндері заманауи аймақтық Bombardier Q400 NextGen бортында сапар шегуге мүмкіндік алады.


  Атырау – Орал бағыты бойынша қатынайтын рейс билеттерінің құны, жолаушы мен әуежай те­рім­дерін қоса есептегенде 14 707 тең­геден басталып, жол жүру уа­қыты небары 50 минутты құрай­ды. Ал Атырау – Ақтау бағытында 40 минутта жетуге болады. Жолаушы мен әуежай терімдерін қоса есептегенде бір бағытты билеттің құны 11 007 теңгеден басталады.

  Орал қаласы Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы ға­на емес, сонымен қатар экономи­ка­лық әлеуеті жоғары шаһар болып саналады. «QAZAQ AIR»-дың жаңа бағыттары Орал қаласының тұр­ғындары мен жергілікті мұнай-газ саласының мамандарын Атырау қаласына тез әрі ыңғайлы апаруға мүмкіндік береді.

  Сонымен бірге «QAZAQ AIR» әуе кемелері Атыраудан Каспий теңізінің жағалауында орналасқан Ақтауға тікелей қатынайды. Осылайша жаңа маршрут желісі Батыс Қазақстан өңірінің ірі қалала­­рын өзара байланыстырып, Ақтау мен Орал тұрғындарын Атырау қаласымен қатар, түйіспелі рейс­тер арқылы Ақтөбе мен Шымкентке де жеткізе алады.

  «Халыққа қажетті маршрут кестесі мен қолайлы ұшу күндерін ұсына отырып, аталмыш аймақ тұр­ғындарының аралары одан сайын жақындай түсіп, жиі көрісе алады деген нық сенімдеміз», — деп атап кетті «QAZAQ AIR» АҚ басқарма төрайымы Блэр Поллок мырза.

   Осылайша жаңа бағытта жүзеге асырылатын Атырау – Орал, Атырау – Ақтау бағдарлары маршрут жүйесін кеңейте түседі. Бүгінгі күні «QAZAQ AIR» әуекомпаниясының ұшақтары Алматы, Ақтөбе, Астана, Атырау, Қостанай, Қызылор­да, Павлодар, Семей, Талдықорған мен Шымкент қалаларына тұрақ­ты рейстерді орындауда.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале