20.11.2023, 16:45
Оқылды: 40

Qazaq Air әуе көліктері Новосибирск қаласына қайта ұша бастайды

Qazaq Air әуе көліктері Новосибирск қаласына қайта ұша бастайды.

E62371FC-9BFF-446A-BA63-7247C2A81DBB

Фото: ru.m.wikipedia.org/Saken

Мәскеу қаласында өткен көлік апталығы шеңберінде Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев ресейлік әріптесі Виталий Савельевпен кездескен болатын.

Тараптар екі ел арасындағы әуе қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады. Екіжақты кездесудің қорытындысы бойынша Qazaq Air әуе көліктерінің Новосибирск қаласына қайта ұша бастауы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Осылайша желтоқсан айынан бастап аталған әуе компаниясы Астана–Новосибирск бағыты бойынша рейстерді аптасына 5 рейске дейін және Өскемен–Новосибирск бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілікпен орындауды жоспарлап отыр, делінген көлік министрлігінің хабарламасында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале