«Qazaq Air» әуекомпаниясы 28 желтоқсан мен 2025 жылғы 27 қаңтар аралығында Астана–Екатеринбург бағыты бойынша әуе рейстерін орындауды уақытша тоқтатуға мәжбүр. Ресейге ұшу тәуекелін үнемі бағалау нәтижесі негізінде жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейстер тоқтатылды, - делінген хабарламада. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.
Сурет: flyqazaq.com
Тоқтатылған рейс жолаушыларына әуебилетінің толық құны қайтарылады және әуекомпанияның баламалы рейстеріне қайта тегін брондау ұсынылады.
«Екатеринбургке әуе рейстерін қайта ашу – тәуекелді қайта бағалау қорытындысы бойынша жүзеге асырылады», - деп көрсетілген.
Қазіргі уақытта әуе компания тәуекелді бағалау шартына сәйкес келетін Омбы мен Новосібірге рейстерді орындауды жалғастырады.