6.08.2020, 12:34
Оқылды: 60

Qoldau-24/7 - кері байланыстың ең тиімді тәсілі

Qoldau-24/7 қосымшасын Play Market пен App Store-дан жүктеуге болады.

F9E81AE2-BD3A-471A-8FA9-502B42DD0F5C

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Qoldau-24/7 қосымшасы - азаматтардың өтініштерін өңдеу жүйесіндегі кері байланысты қамтамасыз ететін ең тиімді тәсіл. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-ның БҚО бойынша филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова хабарлады.

Кері байланыстың бұл түрі, әсіресе қазіргі сәтте, сұранысқа ие. Себебі азаматтардың көпшілігіне өтінішті электронды тәсілмен қалдырған ыңғайлы. «Азаматтардан келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, тіркеу нөмірімен өтініштер тізіліміне түседі. Тұрғындар тарапынан түскен өтініштерге мониторинг жүргізіледі, қажет болған жағдайда белгіленген мерзімде шешім қабылдау үшін сараптамалық бағалауға беріледі», – дейді  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-ның БҚО бойынша филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова.

Сізге ыңғайлы болу үшін барлық азаматтарды Qoldau-24/7 мобильді қосымшасын орнатуға шақырамын. Ол үшін Qoldau-24/7 әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мобильді қосымшасын Android смартфондары үшін  Play Market арқылы, Apple смартфондары үшін  App Store арқылы жүктеп алуға болады.

 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ БҚО бойынша филиалы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале