БҚО Орал қалалық сотының судьясы Асылбек Иманғалиев «100.6 FM» радиотолқынының эфирінде қылмыстық істерді алқабилердің қатысуымен қарау мәселелері туралы сұхбат берді.
Судья өз сөзінде бұл тәртіп сотталушыларға қатысты істерді алқабилердің қатысуымен қарау құқығын қамтамасыз етіп, азаматтардың сот төрелігін жүзеге асыруға қатысуы үшін ықпал ететінін атап өтті.
Эфир барысында судья сондай-ақ бұл істерді қарау ерекшеліктері, қылмыстардың жекелеген санаттарын алқабилер соттылығына енгізу туралы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамаларындағы өзгерістерді түсіндірді.
БҚО Орал қалалық соты