6.06.2022, 12:30
Оқылды: 56

Референдумда 320 мыңнан астам бюллетень жарамсыз деп танылды

Референдумда 320 мыңнан астам бюллетень жарамсыз деп танылды. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

11

«Жауаптардың екі нұсқасы да таңдалған, яғни, жарамды деп танылған, алайда дауыстары санау кезінде ескерілмейтін бюллетеньдер саны 1,58 пайызды немесе 125 859 бюллетеньді құрады. Қалған бюллетеньдер дауыс берушілердің ерік білдіруін анықтау мүмкін емес деп танылғандықтан олар жарамсыз деп танылды. Мұндай бюллетеньдер саны 2,58 пайыз 206 096 бюллетень болды», - деді Нұрлан Әбдіров.

Оның атап өтуінше, аймақтық комиссиялар дауыстарды санағаннан кейін 2 күн ішінде хаттамалардың түпнұсқаларын әрбір өңір бойынша жеткізуге тиіс. Республикалық референдумның қорытындылары Орталық референдум комиссиясының отырысында белгіленеді. Оны өткізу күні мен уақыты қосымша хабарланады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, референдумға қатысуға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны еліміздің барлық өңірлерінде дауыс беруге қатысқандардың 77,18 пайызын құрайды. Ал бұл 6 163 863 адам. Бұл 17 өңірдің әрқайсысында абсолютті көпшілікті құрап отыр. Осылайша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кемінде үштен екісінде қолдау қажеттігі туралы Конституциялық заң талабы сақталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале