23.12.2022, 15:00
Оқылды: 71

Рейске кешіккен әпкесі үшін ұшақта бомба бар деп жалған хабар берген жігіт сотталды

Астана қаласының Есіл аудандық №2 соты терроризм актісі туралы жалған хабар берген азамат Н-ді кінәлі деп тауып, 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

13

Астана қалалық сотының ресми сайтында жарияланған мәліметке сенсек, 1 қазанда азамат Н. үйінде болған.

Оған апайы хабарласып, Астана-Талдықорған бағытындағы әуе рейсіне тіркеуге кешіккенін, сондықтан оны ұшақ бортына кіргізбей қойғанын айтқан.

Осыдан кейін ол рейсті бөгеу мақсатында аталған ұшақ бортына жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар берген.

Сот азамат Н-ді ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша кінәлі деп таныды және оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.

Сонымен қатар ол жазасын толық өтегенге дейін пробациялық бақылауда болады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін елордада ұшақта жарылғыш зат бар деп хабарласқан азамат ұсталып, изоляторға қамалғанын жазған едік.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале