3.03.2022, 15:40
Оқылды: 96

Ресей астанасын Сібірге көшіру ұсынылды

Ресейлік миллиардер, "Вольное дело" қорының негізін қалаушы Олег Дерипаска Ресей астанасын Мәскеуден Сібірге көшіруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

photo_95449

Красноярск экономикалық форумында сөйлеген сөзінде Дерипаска Ресейдегі "басқару жүйесін өзгерту" қажет екенін айтты.

"Мен әрдайым айттым: бұл утопия сияқты, біздегі барлық қызығушылық Азияда болса, неге астанамыз Мәскеу? Егер ел астанасы Новосібір, Краснояр қаласы болса басқаша көрінуі мүмкін бе? Басқарудың бір бөлігін осында көшірейік. Жаңа банктер, жаңа қаржы институттарын ашайық. Мәскеуге қарапайым нәрселер үшін ұшудың мәні неде?"- деді бизнесмен.

 Миллиарердің айтуынша, ол өзі үшін көптеген қорытындылар жасаған және онымен бөлісуге дайын.
"Бірақ мен бірінші кезекте бейбітшілік орнағанын қалаймын", - деп түйіндеді Дерипаска
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале