2.11.2023, 17:30
Оқылды: 103

Ресей Думасына депутат болған қазақтар кімдер?

Бұл Ресей Мемлекеттік Думасы 1906-1917 жылдары мемлекетті басқарудың конституциялық-монархиялық бағыттағы заң шығарушы жоғары өкілетті органы еді.

жп дала

Мемлекеттік думаға Ресей мемлекетіндегі партиялар мен ұлттық аймақтардың өкілдері сайланады. Мемлекеттік думаға орыс тілін білмейтіндер сайлана алмады.

Бірінші мемлекеттік дума 1906 жылдың 27 сәуір - 8 шілде күндері жұмыс істеді. Оған қазақ халқы атынан сегіз депутат сайланды. Олар: А. Бірімжанов, А.Қалменов, М.Тайынов, Ш.Қосшығұлов, С.Жантурин, Б.Құлманов, Д.Тұндыт.

Думада А.Бөкейханов, А.Бірімжанов, А.Қалменов ерекше белсенділік танытады. Олар жер мәселесі, дін мәселесі, шет аймақ халықтарды басқару, земство мәселесі және тағы басқа саяси мәселелерді ашық көтереді.

Алайда патша өкіметі депутаттардың талабын орындамау мақсатында, оларды таратып жаңа сайлау болатынын жариялайды.

Осылайша Бірінші мемлекеттік дума бар жоғы үш ай жұмыс жасап 1906 жылы 9 шілдеде таратылады.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале