1.12.2023, 17:15
Оқылды: 94

«Ресей Мұсыламандар одағын» ұйымдастырған қайраткер кім?

ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі - Сәлімгерей Жантөрин еді.

1200_0_813fc4f760f36c558d98303e73020e31

Фото: e-history.kz

Білімі жоғары Мәскеу университетінің физика-математика факультетін және Санкт-Петербург университетінің заң факультетін бітірген.

Өзінің қоғамдық-саяси белсенділігін 1905 жылғы Петербурдағы қанды жексенбіден бастаған С.Жантөрин патша өкіметіне оппозицияда болған саяси күштердің қатарында болады.

Ол «Автономияшылар одағын» құруға тікелей араласып, 1905 жылғы 19 қарашада өткен автономияшылдар сиезіне қатысады. Сиезде бұратана халықтардың әлеуметтік теңдігін және автономиялық құрылымды жақтап, дауыс береді.

Бірінші Мемлекеттік Думаның мүшесі ретінде Бүкілресейлік мұсылмандар одағын құруға араласады. Ресейде өткен «Мұсылмандар одағының» үш сиезіне қатысқан С. Жантөрин оны ұйымдастырушылардың бірі болады.

1917 жылы Ақпан төңкерісі нәтижесінде патша өкіметі құлатылғаннан кейін, Алаш орда үкіметіне қолдау  танытып, оның жетекшілерімен тығыз байланыста болады.

Зұлқожа Шарафутдинов

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале