Ресейдің Пермь мемлекеттік университеті корпустарының бірінде белгісіз біреу оқ жаудырып, бірнеше адамды жарақаттады. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Дүйсенбі күні белгісіз адам университет ғимаратына кіріп, қарумен оқ жаудырған. Студенттердің бір бөлігі оқу дәрісханаларына кіріп тығылған. Кейбіреулері терезеден секіріп түскен», - деді агенттікке құқық қорғау органдарынан. Аймақтың Денсаулық сақтау министрлігінен оқиға салдарынан 10-нан астам адам зардап шеккенін хабарлады. «Сағат 11:00 шамасында (жергілікті уақытпен сағат 09:00-де) Пермь университеті кампусының аумағына қолына қару ұстаған белгісіз бір адам кіріп кетіп, оқ жаудыра бастады», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Университеттің қабылдау бөлімі де атыс болғанын растады. Сегізінші корпуста студенттерді эвакуациялау жүргізіліп жатыр. ЖОО-да барлық сабақтар тоқтатылған. Тиісті мемлекеттік орган қызметкерлері оқиға орнында жұмыс жасап жатыр.