17.03.2022, 14:45
Оқылды: 31

Ресейге заңсыз майнинг құралдарын әкетпек болғандар ұсталды

Қазақстаннан Ресейге заңсыз жолмен майнинг құралдарын әкетпек болғандар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

05

Ведомствоның мәліметінше, қаскөйлер Ақтөбе облысындағы "Жайсаң" көлік өткізу бекетінде ұсталған. Шекарашылар Ресейге бара жатқан DAF маркалы көлікті тоқтатқан.

"Көлікті тексеру барысында майнингке арналған Avalon құрылғысы табылды. Оған кабельдер қосылған. Жабдық 813 жәшікке салынған. Олар тауарды шетелге ешқандай құжаттарсыз тасымалдауға тырысқан", - деді ҰҚК қызметкері.

Алдын ала деректер бойынша, жүктің құны шамамен 80 миллион теңге болады. Барлық техника Ақтөбе облысы Экономикалық тергеу департаментіне берілген. Кейін процедуралық шешім қабылданады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале