Ресейден Қазақстанға келген дәрігерлер еліміздегі клиникаларда жұмысқа орналаса алады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстанда еңбек мигранты ретінде жұмыс істеуге қызығушылық танытқан ресейлік дәрігерлер ЕАЭО заңнамасы аясында біздегі ауруханаларға жұмысқа онналаса алады. Осы орайда олар тиісті талаптар мен ережелерді толық сақтау керек», - деді А. Ғиният Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатынан кейінгі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, бірінші кезекте олардың дипломдары бізде мойындалуы тиіс. Екіншіден, ресейлік дәрігерлер сертификаттаудан өтуге міндетті болады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ауылдағы кадрлық қамтамасыз етуге талдау жіргізіліп, 1 700-ден астам медицина қызметкерінің, оның ішінде 1000-нан астам дәрігердің
тапшылығы анықталды.