20.12.2021, 17:45
Оқылды: 37

Ресейлік "Голос" жобасында Әміре мен Әлішер Каримов жартылай финалға шықты

Ресейлік "Голос" жобасында Әміре мен Әлішер Кәрімов жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

dc31da988b56416f957a18b061ac2b04

Марқұм композитор, әнші Александр Градский тобында өнер көрсеткен Әлішер Кәрімов дауыс беру бойынша екінші орынмен жартылай финалға өтті. Желі қолданушылары Әлішердің ән айту шеберлігіне тамсанып, қолдап жатыр. Ал әнші Леонид Агутин "Әлішер, этникалық, классикалық, басқа да ноталарды еркін алатыныңыз ғажап" деп баға берді.

Ресейлік танымал әнші Дима Биланның тобындағы Ернар Садырбаев тәлімгер дауысы бойынша бірінші орын (50%) алып, дауыс беру бойынша екінші орынды (39%) алды. Нәтижесінде 89 пайызбен келесі кезеңге өтті. Ал оның басты қарсыласы тәжікстандық Ильхом Тагиров (тәлімгер 30%, дауыс беру 40%) екінші орында келе жатыр. Қазылар алқасының мүшесі Пелагея Ернарға "адам сенгісіз жоғары дауысыңыз бар, орындауыңызда мін жоқ" деді.

Ресейлік жобада бақ сынап жатқан екі отандасымызға келесі кезеңде сәттілік тілейміз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале