Республика күніне орай қазақстандық жастар челлендж бастады. Олар әлеуметтік желілерде #RepublicDay хэштегімен Қазақстанның дамуына қалай үлес қосып жатқандары жайлы әңгімелеп, пост жазады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі
«Сіз де челленджге қосылыңыз! Ең қызықты әңгімелерді Мәдениет және ақпарат министрлігінің әлеуметтік желілерінде жариялаймыз», - делінген хабарламада.