Нұр-Сұлтанда «Jastar Alany 2019»республикалық дебат турнирінің ашылу рәсімі өтті. 18-29 жас аралығындағы 120-дан астам қара сөз шеберлері жалпы жүлде қоры 4000 000 теңге болатын турнирдің жеңімпазы болу үшін сынға түседі.
Бұл жоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен» КЕАҚ бірлесіп іске асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты жастар жылы аясында Қазақстандағы дебат қозғалысын жандандыру және дебат федерациясын құру.
«Қазақ баяғыдан сөзді құрметтеген халықпыз ғой, сондықтан да дебат осы біздің жастарға сөзді түсінуді, сөзді жеткізуді және ойлау арнасын кеңейтуді, кез-келген жағдайға өзіндік сараптамасын беруді үйретеді деп ойлаймыз»- деп атап өтті Дәулет Кәрібек.
Турнирдің ерекшелігі, атақты блогерлер, вайнерлер, журналистер мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен жұлдызды ойынның «StarsGame» өткізілуі.
Сонымен қатар, жоба аясында турнир қатысушылары мен төрешілері үшін семинар, оқыту тренингі өткізілді. Оның қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға пікірталас бойынша тренинг өткізу үшін жаттықтырушылармен төрешілердің сертификаттары берілді. Қазан айында дебатерлерге арналған сайтпен мобильді қосымшаның тұсаукесері өтеді. Тайм-киперлерді алмастыруға арналған мобильді қосымшаның қазіргі таңда Қазақстанда баламасы жоқ.