Атырауда Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай республикалық «Махамбет оқулары» байқауы басталды.
Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, оған еліміздің 14 өңірінен жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сыныптарының 66 оқушысы қатысып жатыр.
Мақсаты - оқушылар арасында қазақ ақыны және батыры Махамбет Өтемісовтың шығармаларын насихаттау.
Жыр мен өнер додасы 5 номинация бойынша сарапқа салынады.
Олар:
1. «Ұлы арман» номинациясы (Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу).
2. «Ел құтқарар ер едім...» (Махамбет шығармаларын жатқа оқу конкурсы).
3. «Шашақты найза, шалқар күй» (Махамбет күйлерін орындаушылар конкурсы).
4. «Тартынбай сөйлер асылмын...» (Жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу конкурсы).
5. «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» («Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау).
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталады.