Оралда жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі басталды. Білім додасы Х.Доспанова атындағы №30 орта мектепте өтіп жатыр.
Қалалық білім бөлімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, білім сайысына мектепішілік кезең бойынша жеңімпаз атанған 941 оқушы қатысуға өтінім білдірген. Оның ішінде 7-cынып – 472 оқушы, 8-сыныптар бойынша - 469 оқушы.
Олимпиада жалпы білім беру бағдарламалары негізінде математика, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, биология, география, химия, информатика, физика пәндері бойынша ұйымдастырылып, ашықтық пен академиялық адалдықты сақтау мақсатында бейнебақылау жүйесі қойылған.
Оқушылар «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы дайындаған тест түріндегі 30 сұраққа жауап береді.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
zhaikpress.kz