25.04.2024, 12:15
Оқылды: 52

Республикалық пәндік олимпиаданың жүлдегері атанды

Орал қаласындағы NIS-тің 10-сынып оқушысы Томирис Біржанқызы қазақ тілі және әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың ІІ орынын иемденді.

WhatsApp Image 2024-04-25 at 13.07.34

Білім сайысын ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен олимпиада жыл сайын елдің ең алғыр оқушыларын анықтап келеді. Биыл білім додасы Қостанай қаласында өткізілді. Томирис 50 оқушының ішінен күміс алқамен оралғанына бек қуанышты:

– Бұл олимпиада маған мол жауапкершілік жүктеді. Бірінші кезеңде эссе жаздық, екінші кезеңде өлең үзіндісі мен авторын табу, толығырақ жазу тапсырмасы, сондай-ақ мәтінге түрлі талдау болды. Осы жарқын жетістікке жетуге бағыттаған жетекшім Мейрамгүл Болатқызы мен тренерім Гүлшарат Мұратқызына алғысым шексіз, – дейді жүлдегеріміз.

Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале