23.09.2024, 16:00
Оқылды: 61

Республикалық «SportArtFest» байқауының жеңімпаздары анықталды

Алматы облысында республикалық «SportArtFest» байқауының финалы өтті. Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Ules» жобасы аясында ұйымдастырылды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2EF42138-FFF6-4022-8510-A04A95B1CF2B

Суреттер: министрліктен

Байқаудың мақсаты – жастарды зияткерлік және шығармашылық тұрғыда  дамыту, сонымен қатар жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

4A2703AB-7E2A-479A-9BF0-D78356F32D9F

Республикалық байқаудың іріктеу кезеңіне еліміздегі 500-ден астам елді мекеннен 10 000-ға жуық жас қатысты. Үздік 20 команда финалға жолдама алды. Қатысушылар үш күн бойы зияткерлік және шығармашылық жарыстарда бақ сынасты.

CBB53F60-19B7-462F-8888-B651B60649D5

Байқау қорытындысы бойынша Жетісу облысының «Tau stars» командасы 1-ші орын, Жамбыл облысының «Шу жастары»командасы 2-ші орын алса, 3-ші орынды Атырау облысының «Firdaus» командасы иеленді. Жеңімпаздар алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Байқаудың жүлде қоры – 1 600 000 теңге.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале