25.09.2024, 14:30
Оқылды: 102

Республикалық «Таза энергетика» сурет байқауы басталды

Мектеп оқушылары арасында «Таза энергетика» тақырыбына арналған сурет байқауы басталды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

DF8C566C-F1ED-4A24-88BB-4E366F3C5642

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Байқаудың мақсаты – жас ұрпаққа баламалы энергия көздері мен таза энергетиканың болашақтағы маңызын түсіндіру, экологиялық сананы қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту. 

Байқауға барлық мектеп оқушылары қатыса алады. Қатысушылар өз жұмыстарын кез келген техниканы (гуашь, акварель, түрлі-түсті қарындаш, компьютерлік графика және т.б.) қолдана отырып орындай алады. 

Жұмыстар 2024 жылдың 23 қыркүйегінен 6 қазанына дейін қабылданады.

Жеңімпаздар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады. Қорытынды 2024 жылдың 10 қазанында жарияланады.

Қосымша ақпарат және байқау Ережесімен @jasulan_qz инстаграм парақшасында таныса алады.

Байланыс ақпараты: 

Тел: +7 775 764 8747

e-mail: [email protected]

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале