Батыстың жедел-құтқару жасағы базасында Джесси есімді құтқарушы бар.
Суреттер: БҚО ТЖД-ның баспасөз қызметінен және сайт архивінен / zhaikpress.kz
«Епті, төзімді сегіз жастағы төрт аяқты досымыз Алматы облысында өткен Қазқұтқару-2018, 2024-те ІІ орын жүлдегері атанып, шеберлігі және дайындығының мықты екенін дәлелдеп жүр», деп жазады БҚО ТЖД.
«Табиғи және техногендік апат кезінде қираған үйінділерден, орман, далада жоғалған адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстары барысында Джессидің қосқан үлесі зор. Оның тұқымы – Лабрадор. Ол ешқашан жалғыз қалдырмайды, кез-келген төтенше жағдайда адамдарға көмектесуге дайын, алғыр», - деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.
Суретте Джесси және кинолог Асан Ниязов
Бүгінгі күні Джессидің денсаулығы мықты. Сертификаттау көрсеткіші одан әрі қызмет атқаруға мүмкіндік берсе, мерзімі ұзартылады.
Айта өтейік, құтқарушы иттер зейнеткерлікке шыққаннан кейін ит күтуші отбасында қалады немесе қамқорлық жасауға дайын иеге табысталады.