14.02.2022, 16:50
Оқылды: 37

Республикалық жолдарда көлік қозғалысына шектеулер енгізілді

Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар жолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

220214174059352e

Еліміздің солтүстік өңірінде - Ақмола облысында «Екатеринбург – Алматы» автожолының 997-856 шақырымы, яғни Атбасар қаласынан Ақмола облысы шекарасына дейінгі учаске және «Жақсы-Есіл-Бұзылық» жолының 0-63 шақырымы - Жақсы кентінен Есіл кентіне дейінгі учаскеде шектеулер енгізілді.

Жалпы бұл күндері еліміздің басым бөлігінде боран, көктайғақ болып, қар жауады. Осыған байланысты жүргізушілерден жолдарда өте абай болуды сұраймыз.

Осы орайда қыс мезгілі басталғалы 332 рет жолдарда шектеулер енгізіліп, оларды тазартуға 1087 қысқы арнайы техника жұмылдырылғанын айта кету керек.

Желтоқсан айының басынан бері жол мамандарының күшімен 267-ден астам көлікке көмек көрсетілді. 82 көлік жылы бокстарға, 600-ден астам адам «Қазақавтодор» мекемесінің жылыту пункттеріне орналастырылды. Республика бойынша мұндай 133 пункті бар.

Күн суытқалы аталған мекеменің 1403 нөмірлі байланыс орталығына түрлі сұрақтармен жүгінгендер саны 18 750-ден асты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале