24.05.2022, 12:15
Оқылды: 75

Ревакцинациядан өтуі тиіс адамдар санаты кеңейтілді –қаулы

ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша коронавирусқа қарсы ревакцинация қабылдайтындардың қатары кеңейтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

9

Нақтырақ айтсақ, «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгеріс енгізіліп отыр.

Аталған қаулының бұрынғы редакциясында 129 тармақ мынадай мәтінмен жазылған болатын:

«Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын, КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсын толық аяқтап алған шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жатады». Енді осы тармақ былай өзегртілмек:

«Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жатады.

КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы алдыңғы профилактикалық екпеден кейін 6 ай аралықпен КВИ-ге қарсы вакцинацияның толық курсын және бұрын бірінші ревакцинацияны алған адамдарға жүргізіледі», - деп жазылады.

Ал алгоритмінің 130-тармағы мынадай редакцияда жазылмақ:

«КВИ-ді жұқтыру қаупі жоғары (басымдылығы бойынша) мына адамдар КВИ-ге қарсы қайта ревакцинациялауға жатады:

1) медицина қызметкерлері;

2) медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы;

3) күш құрылымдарының қызметкерлері;

4) педагогтар;

5) пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті;

6) 50 жастан асқан адамдар».

Бұрынғы редакцияда 130-тармақ ымнадай мәтінмен жазылған еді:

«КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсы аяқталғаннан кейін 6 ай аралықпен бір рет жүргізіледі».

Қаулы 25 мамырдан бастап күшіне енеді. Құжаттың мәтінін мына жерден көруге болады.

Бұғна дейін ревакцинация үшін Pfizer екпесінің 500 мыңнан астам дозасы сатып алынаатынын жазған едік.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале