21.04.2025, 15:00
Оқылды: 907

Рим Папасы Франциск 88 жасында қайтыс болды

Рим Папасы Франциск 88 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Vaticannews-ке сілтеме жасап.

рим

Сурет: baq.kz

Рим папасы Франциск 2025 жылдың 21 сәуірінде 88 жасында қайтыс болды. Оның өлімі Ватикандағы Casa Santa Marta резиденциясында тіркелді.

- Бүгін таңертең сағат 7:35-те Рим епископы Франциск Әке үйіне қайта оралды. Оның бүкіл өмірі Жаратқан Иеге және Оның шіркеуіне қызмет етуге арналды, - деп хабарлады кардинал Кевин Фаррелл.

Франциск папа өзінің бүкіл өмірін Құдайға және шіркеуге қызмет етуге арнады. Ол 2013 жылы 13 наурызда Франциск есімімен Рим Папасы болып сайланды.

2025 жылы 20 сәуір күні ұзаққа созылған аурудан кейін ол көпшілік алдына шығып, католиктерді Пасха мерекесімен құттықтады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале