«Біз ғасырлар бойы үлкен керуендер өткен жерде тұрмыз. Бұл жерлерде Жібек жолының арқасында көптеген хикаялар, идеялар, нанымдар тоғысқан», – деді Рим Папасы.
Осы орайда ол Қазақстанға арнап өз тілегін айтты.
«Қазақстан тағы да бір-бірінен алшақ орналасқандардың басын қосатын, татуластыратын мекенге айналсын. Қазақ жері адами қарым-қатынасты басшылыққа ала отырып, маңызды кездесулер үшін жаңа жолдар ашылады берсін. Бұл тұрғыда өзара сыйластық пен шынайылыққа екпін қойылған», - деді Понтифик.