28.12.2021, 15:30
Оқылды: 20

Рим папасы некені сақтап қалуға көмектесетін үш сөзді атады

 Рим папасы Франциск некедегі жұптарға үндеу жасап, оны сақтап қалуға мүмкіндік беретін үш сөзді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Metro басылымына сілтеме жасап.

photo_91733

Рим Папасы Жаңа жыл қарсаңындағы хатын жариялады, онда ол ерлі-зайыптыларға жүгінді. Оның пікірінше, COVID-19 дағдарысы отбасыларды уақытты көбірек бірге өткізуге мәжбүр етті, бұл жанұядағы жанжалдың шиеленісуіне әкеп соқты. Рим-Католик шіркеуінің басшысы ерлі-зайыптыларды бір-біріне зор шыдамдылықпен қарауға шақырды және қарым-қатынасты сақтауға көмектесетін үш негізгі сөзді атады: рақмет, өтінемін және кешір.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале