28.08.2024, 10:45
Оқылды: 73

Ризабек Айтмұхан еркін күрестен әлем чемпионатына қатысады

Испанияның Понтеведре қаласында күрес түрлерінен жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

1D4BC95D-C9F1-4866-9454-EE9C6FEE94DB

Сурет: Olympic.kz

Аталған сынға қатысатын еркін күрестен Қазақстан командасының құрамы анықталды. 

Дүниежүзілік сында ел намысын қорғайтын спортшылар арасында әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан да бар. 

Әлем чемпионатында бақ сынайтын Қазақстан жастар құрамасы: 

57 келі: Мықтыбек Үкіметұлы

61 келі: Әбдінұр  Нұрланбек

65 келі: Алайдар Шаттық 

70 келі: Айқын Болатұлы

74 келі: Егор Анчугин

79 келі: Ерхан Бексұлтанов

86 келі: Навруз Ахмедханов

92 келі: Камиль Куруглиев

97 келі: Ризабек Айтмұхан

125 келі: Әлихан Құсайынов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале