FIRST Global Challenge робототехника бойынша әлем чемпионатының жеңімпаздары Сингапурдан оралды. Робот жасайтын жас дарындарды оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов қарсы алды.
Министрліктің хабарлауынша, 191 елден келген 1000-нан астам қатысушының арасынан ең жоғары ұпай жинаған физика-математика бағытындағы НЗМ оқушылары Нұрислам Тұрғынбай, Нұрсұлтан Жанзақов, Сергей Гапонов, Дәмелі Шаймерденова және Иманәлі Көксал алтынға ие болды.
Шәкірттерді халықаралық байқауға дайындаған жаттықтырушылар - Бекзат Іңкәров пен Нұрдәулет Досмағамбет.