23.05.2024, 15:30
Оқылды: 117

Ролан Гаррос турнирі: Михаил Кукушкин іріктеу жарысының финалына өтті

Михаил Кукушкин Ролан Гаррос турнирі іріктеу сайыстарының финалына өтті. Бұл жаңалықты Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі бөлісті.

rolan_garros_turniri_1716435335

Фото: ktf.kz

Франция ашық чемпионатында талай рет бақ сынаған 36 жастағы теннисші бұл жолы іріктеу сайыстарының жартылай финалында аустралиялық Ли Тудың меселін қайырды.

Кукушкин матчты 6:4, 6:2 есебімен аяқтады.

Михаил Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 206-ракеткасы, италиялық Франческо Маэстреллимен шеберлік таластырады. Оны ұтса, Кукушкин негізгі жарысқа жолдама алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале