12 ақпанда Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Ашхабадқа жұмыс сапарымен барып, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен келіссөз жүргізді. Бұл туралы primeminister.kz/kz сайты хабарлады.
Түрікменстан басшысымен кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық, энергетика, ауыл шаруашылығы және мәдени-гуманитарлық салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 24-25 қазандағы Түрікменстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар сапар барысында Роман Скляр Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасарлары Сердар Бердімұхамедов, Шахым Абдрахманов және Чары Гылыджовпен жеке келіссөздер жүргізді, сондай-ақ экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету бойынша практикалық шаралар жан-жақты қарастырылды.