Осы айдың жиырма екінші жаңасында Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған романс кеші өтеді.
Концертте ҚР Мәдениет саласының үздігі Владимир Баяндин жетекшілік ететін «Классика» камералық оркестрінің сүйемелдеуімен Қанатқали Қожақов, Айбар Хайырханов, Ақмарал Ахметова, Ақсұлу Жұмалиева, Эльмира Усаева сынды танымал өнер жұлдыздарына қоса, жас әншілер де Қазақстан композиторларының, сондай-ақ орыс және Батыс Еуропаның классик композиторларының ән-романстарын шырқайды.
Кешкі сағат алты жарымда (18.30-да) басталатын романс кешін ұйымдастырушылар барлық санитарлық талаптар сақталатындығын назарыңызға ұсынады.
zhaikpress.kz