10.01.2025, 10:15
Оқылды: 287

Рудныйда есірткі зертханасы анықталды

Рудныйда полиция қызметкерлері прокуратураның көмегімен өз пәтерінде қарасора өсірген ер адамның жерасты зертханасын жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ппп
Сурет: Zakon.kz

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары балконда термоматериалмен қапталған жылыжай тапты.

Ішінде каннабис тектес өсімдік өсіретін үш құмыра, үш электр фитолампасы, электр сорғыш және желдеткіші болды. Сонымен қатар ас үй бөлмесіндегі үстелде ZIP пакеттерінде каннабис тұқымы сақталған қорап табылды.

Сараптама тәркіленген заттың салмағы 1,3 келіден  асатын каннабис өсімдігі екенін растады.

Медициналық куәландыру күдіктіні ұстау кезінде каннабиоидты қолданудың іздері анықталғанын көрсетті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале