5-7 қыркүйек күндері Румынияның Констанца қаласында тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтті.

Жеті мемлекеттен ойыншылар қатысты. БҚО командасы жеңімпаз болды.
Тоғызқұмалақшылар жекелей нәтиже бойынша, ерлер арасында Әбдрахман Текебай – алтын медаль, Ализа Ерниязова– күміс медаль иеленді.

Әйелдер арасында Қарақат Сәлімғали алтын медаль, Айым Қонасова күміс медаль алып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.
Жеткіншектердің жаттықтырушылары – Дархан Әнуарбеков, Ализа Ерниязова, Данияр Орынбасаров.
Еуропа биігінде көрінген команда сапарына БҚО спорт басқармасы мен БҚО тоғызқұмалақ федерациясы қолдау көрсетті.
Нүркен Ғаппар
zhaikpress.kz