5.11.2023, 8:29
Оқылды: 23

Руслан сайлауға алғаш рет қатысты

Тасқала ауданы халқының жалпы сайлау дегенге бей-жай қарамайтыны көрініп-ақ тұр. Біз – Тасқала ауданындағы №329 сайлау учаскесіндеміз. Тұрғындар алғашқы сағатта-ақ учаскеге ағыла бастады. Аудан жұртының арасында жасы үлкендері де, кішілері де бар.

WhatsApp Image 2023-11-05 at 08.27.19

Сондай-ақ алғаш рет дауыс беруге келген Руслан Ізбасаров та солардың қатарынан көрінді. Біз оны сөзге тарттық. Ол - Орал қаласындағы Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің 4-курс студенті. «Өрт сөндіруші» мамандығы бойынша білім алып жүр.

WhatsApp Image 2023-11-05 at 08.27.20

– Биыл 19 жасқа толдым. Кейде адам өмірінде бұрын жасап көрмеген қадамдар болады. Ол қадамды жасауға неғұрлым жақындаған сайын бойыңды белгісіз бір қуаныш пен қобалжу сезімі билейді. Міне, мен дәл қазіргі сәтте осындай күйде тұрмын. Әрине, бұл күнге дейін де сайлаудың мәні мен маңызын білемін. Үйдегі үлкендерден де сұрап тұрамын. Олар маған егжей-тегжейлі түсіндіріп, міндетті түрде баруым керектігін айтады. Бүгін өзімнің сайлауға атсалысуға келгеніме қуанып тұрмын. Мұндайдан қалмаған дұрыс деп ойлаймын, – деді Руслан Ізбасаров

Аманжол Исламғали,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале