22.05.2023, 15:00
Оқылды: 27

Рыбакина – 10 млн доллар табыс тапқан алғашқы қазақстандық теннисші

«Дядя Ваня» Telegram-арнасы қазақстандық теннисшілер мансабында қанша гонорар алғанын есептеді, деп жазады Prosports.kz.

 

aa3a4576-0f98-4d04-baba-d130649ea7e6

Фото:  prosports.kz

Римдегі WTA 1000 турнирінде жеңіске жеткен Елена Рыбакинаның мансабында алған жалпы сыйақысы 10 млн доллардан асты. Бұл соманың үштен бірін ол 2023 жылғы маусымда тапты. Биыл отандасымыз Индиан-Уэллс пен Римдегі турнирде топ жарып, Майамидегі турнир мен Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты.

Мансабында ең көп гонорар алған Топ-10 қазақстандық теннисші (АҚШ доллары):

1. Елена Рыбакина – 10 155 965 (билығы маусымда – 3 795 007)
2. Михаил Кукушкин – 6 815 090 (33 848)
3. Ярослава Шведова – 6 717 223 (0)
4. Юлия Путинцева – 6 442 126 (266 835)
5. Александр Бублик – 4 618 096 (339 736)
6. Зарина Дияс – 3 682 468 (0)
7. Андрей Голубев – 3 229 737 (40 391)
8. Галина Воскобойникова – 2 525 167 (0)
9. Александр Недовесов – 1 253 165 (43 131)
10. Анна Данилина – 660 132 (76 990).

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале