Индиан-Уэллсте (АҚШ) теннис турнирінің үшінші айналымында қазақстандық Елена Рыбакина испандық Паула Бадосаны жеңді, деп хабарлайды olympic.kz.
Фото: olympic.kz
Матч 6:3, 7:5 есебімен аяқталды.
Кездесудің ұзақтығы 1 сағат 36 минутты құрады. Осы уақыт ішінде Елена алынбас тоғыз соққы орындады, бір қос қателік жіберді және сегіз брейк-пойнттың төртеуін жүзеге асырды.
Рыбакинаның келесі қарсыласы Дарья Касаткина/Варвара Грачева (Ресей) жұбының жеңімпазы болады.