Қазақстандық Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева 12 тамызда басталатын Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турниріне қатысады. Бұл жөнінде prosports.kz жазды.
Сурет: pixabay.com
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина доданы екінші айналымнан бастайды.
Қазақстандық теннисші әлемнің 25-ракеткасы, канадалық Лейла Фернандес немесе рейтингіде 42-орындағы қытайлық Юэ Юанның қай жеңгенімен кездеседі.
Ю.Путинцева алғашқы айналымда іріктеу сайыстары жеңімпаздарының бірімен шеберлік байқасады.
Е.Рыбакина денсаулығына, Ю.Путинцева жарақатына байланысты Париждегі Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартқаны мәлім.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметіне қарағанда, одан бері бірнеше апта өткен.
Олар емделіп, қалпына келгеннен кейін жарысқа қосылуға дәрігерлерден оң қорытынды мен рұқсатын алған. Теннисшілердің қаншалықты бабында екендігін алдағы ойындар көрсетеді.