15.11.2024, 17:28
Оқылды: 70

Рыбакина өзін сынағандарға жауап берді

Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина жанкүйерлердің сынына жауап берді, деп хабарлайды Ulyssport.

рыбакина

– Шынында да, әңгіме өте көп. Бірақ мені қолдайтын адамдар да бар. Өкінішке қарай, мен бәрін тастап кете алмаймын. Өзімді нашар сезінген кезде, әрине, тіпті кортқа шыққым келмейді. Қазір өзімді жақсы күйде сезінемін, бірақ, әрине, мінсіз емес. Менің ойымша, егер біз 100 пайыз жұмыс істесек, одан әрі қарай жүруге және тіпті жеңіске жетуге барлық мүмкіндігіміз бар, — деді ол.

16-17 қарашада Қазақстан астанасында теннис бойынша әйелдер құрамасы Билли жан Кинг Кубогының плей-офф кезеңінде Корея құрамасымен ойнайды. Еліміз атынан Елена Рыбакина, Зарина Дияс, Юлия Путинцева, Анна Данилина және Жібек Құламбаева шығады.

ЛЕГИОНЕРЛЕРГЕ СЫН  

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік спортшыларды тарту тәжірибесінен бас тарту қажеттігін айтқан болатын. Мемлекет басшысы легионерлер ұзақ мерзімді табысты қамтамасыз ете алмайды деп есептейді.

Биыл Париж Олимпиадасына Елена Рыбакина, содан кейін Юлия Путинцева денсаулығына сілтеп бармай қойған болатын.

Ulyssport.

Фото: olympic.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале